Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сойылмен ұрып өлтірген: Павлодар облысында ағасы үшін кек алмақ болған жігіт сотталып кетті

Павлодар облысының тұрғыны ағасы үшін кек алмақ болып адам өлтірді. Жандос Мұхамеджанов сыбайластырамен бірге Дәурен Мүбәрәковты өлгенше сабап, кейіннен оның мәйітін жол бойына тастай қашқан. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сойылмен ұрып өлтірген: Павлодар облысында ағасы үшін кек алмақ болған жігіт сотталып кетті

Күдікті Ақсу қаласында өзімен бірге дәмханада отырған Дәурен Мүбәрәковқа жұдырық ала жүгірген. – Ағамды 5 жыл бұрын сен өлтірдің, – деп айқай салған. Бұдан кейін сыбайластырымен бірге оны қала сыртына апарып, зират басында сойылмен сабаған. Кейін марқұмның мүрдесін жол бойына тастап, ізін суытқан.

Кінәлі деп танылған Мұхамеджановты сот 9 жылға темір торға қамау туралы шешім шығарды. Бұдан бөлек, айыпталушы зардап шеккен тарапқа 4 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Алайда ата-анасы кісі өлтірушіге тым жеңіл жаза берілді деп ашынуда. Марқұмның артында үш бірдей бала жетім қалған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр