Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сөйлейтін робот жапондық орта мектепке қабылданды

Сөйлейтін робот-гуманоид Pepper сәрсенбіде, 13 сәуірде Фукусима префектурасындағы жапондық Васэда қаласында орта мектепке ресми қабылданды.

оқитын-робот

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Құрылғы әлемде алғаш рет балалармен бірге оқымақ. Мектепте осы оқиғаның құрметіне рәсім ұйымдастырылды, онда оқушыларды роботпен араласудың бірегей мүмкіндігін барынша пайдалануға шақырды, себебі бұл оларға келешекте қажет болады.

Pepper-дің өзі «адамдар оқитын мектепке қабылданамын деп мүлдем ойламағанын» мәлімдеді және бар күшімен жұмыс істеуге уәде берді.

Робот жапон тілінде ғана емес, ағылшынша да сөйлейді. Сондықтан оны негізінен ағылшын тілі сабақтарына пайдалану көзделіп отыр.
Машинаның құны 198 иен (шамамен 1,8 мың АҚШ доллары), деп хабарлады ТАСС.

Талқылау