Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сөйлеуді үйреніп алған ит жұртты қайран қалдырды (видео)

Желіде иесінің айтқан сөздерін қайталай алатын иттің видеосы тарап кетті. Өз кезегінде Жапонияда түсірілген видео көпшілікті қайран қалдырды, деп жазады Stan.kz.

Сөйлеуді үйреніп алған ит жұртты қайран қалдырды (видео)

Жапониядағы Бени атты ит екі сөзді үйреніп алған.

Видео кадрларынан байқалғандай ол иесі айтқан «taberu» және «hanbagu» сөздерін қайталауға тырысады.

Жапон тіліндегі «taberu» сөзі «жеу» деген мағынаны білдіреді. Ал ««hanbagu» сөзі – гамбургер мағынасында. Осылайша екі сөзді үйреніп алған ит өзіне тамақ сұрай алады.

Жапониялық ит әлеуметік желіде кең танымалдыққа ие болған. Тіпті, оның Twitter желісінде өз парақшасы бар.

Ал аталған видеосы бірнеше күн ішінде 150 мыңнан аса қаралым жинапты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр