Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соттың қателігімен 14 жылға бас бостандығынан айырылған азамат әлі түрмеде отыр

Астанада жоғары шенді полицейді үш жылға бас бостандығынан айырды. Қылмыстық полиция бастығының орынбасары Сәкен Сүлейменов ҰҚК қызметкерін кінәсін мойындатып қинағаны үшін айыпталған. Бұл туралы КТК хабарлайды.

8588

“Мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында істеу құқығынан айыра отырып, үш жылға жазасын өтеу үкімі шығарылады. Ол полиция подполковнигі шенінен де айырылады”, – деді қалалық судья.

Сүлейменовты өткен күзде ҰҚК экс-қызметкері Айдын Алпысбаевтың шағымынан кейін ұстаған. Оны елордалық бизнесменге шабуыл жасады деп айыптапты. Бірақ ол тергеу кезінде өзіне полицейлердің қысым көрсеткенін айтқан. Нәтижесінде 2015 жылдың наурыз айында Алпысбаев істемеген қылмысы үшін 14 жылға сотталады. Мұны мамандар кейін білген.

ҰҚК қызметкері өлтірмек болды деген бизнесмен, оқиғаның бәрін ойдан шығарылғанын айтып, сот-медициналық сараптаманың жалған жасалғанын жария етіпті. Соған қарамастан Алпысбаев әлі күнге түрмеде отыр.

“Астана қалалық прокуратурасы бұл істі қайта қарау үшін Астана әскери сотына өтініш жолдады. Бірақ, әскери соттың судьясы бұл іс бұрын апелляция негізінде қаралғандықтан, қайтадан қарап шешім шығарудан бас тартты”, – дейді адвокат.

Оқи отырыңыз:

Теміртауда баланы ұрлаған әйел күтуші болып екі-ақ күн жұмыс істеген

Бас прокурор: Ұрыларды базарға күзетшілердің өздері кіргізеді деп естідім

Атыраулық бизнесмендер түрмеде кәсіп ашып, 90 сотталушыны жұмыспен қамтыды

БҚО-да заңсыз қызмет атқарған діни ұйым анықталды

Талқылау