Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соттан өзін жазалауды сұраған азамат 6,5 жылға қамалды

Сотталушы орындығында отырған азамат  әкесі жол көлік оқиғасынында зианын тигізіп, айына моральдық өтемақы есебінде 20 мың теңге төлеп отырған 36 жастағы әйелді өлтірген.

сотталушы

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары жазған.

Сот 23 жастағы Қостанай облысының тұрғынына 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жайлы үкім оқыған.  Қайғылы жағдай 2014 жылдың  қараша айында болған.

Өлтірілген келіншектің денесі бір жыл өткеннен кейін табылды.  Мәйіттің сол екенін анықтау үшін медициналық сараптама  жасалған. Сотталушы осынша уақыттан кейін полицияға келіп ары жібермегенін айтып, қылмысын өзі мойындаған.

Жігіт әкесінің сол келіншекке айына 20 мың теңге төлеп тұруға мәжбүр болғаны үшін ызаланған. Оны көшеден көрген сәтте өзін ұстай алмастан келіншекке бірнеше рет қол жұмсаған. Оны сол маңдағы шұңқырға итеріп түсіріп, басына ауыр таспен ұрған.

23 жастағы жігіт 6,5 жылдық жазасын түзету колониясының қатаң режимінде өтейтін болады. Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

 

Талқылау