Сотта қырсығып жауап берген Күлекбаев көпшіліктің ашуына тиіп жатыр

Дүйсенбі, 17 Қазан , 2016 11:28

Бүгін Алматыдағы Тергеу абақтысында Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты сот тыңдауы өтіп жатыр. Судья Ерлан Болатовтың сұрағына қырсыға жауап беріп тұрған Күлекбаевтан қаза тапқандардың туысқандары қатты жауап беруді талап етті.

552525

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұған Күлекбаев: “Қажет болса, жақын тұрыңдар” деп зекіп қалды.

Оған залдан: “Өлтіргенді білесің, қатты сөйле!” деп айқайлағандар болды. Сот залды тыныштыққа шақырды.

Айта кетейік, Күлекбаев бірнеше қанқұйлы тонау және қарақшылық әрекеттерге қатысты болып отыр. Тергеу тобы 57 сот сараптамасы мен зерттеулер жүргізді және болған оқиғаның барлық жәйттерін анықтау мақсатында 200-ден астам куәгерлер мен оқиғаны көрген адамдарды тергеді. 2016 жылдың 12 қазанында 61 томнан тұратын қылмыстық істің материалдарын зерттеу нәтижесі бойынша, сотқа Күлекбаев пен өзге де азаматтар жолданды. Р.Күлекбаевқа нәтижесі 8 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерінің және 2 бейбіт тұрғынның өліміне алып келген террористік акт жасады деген айып тағылды. Сонымен қатар ол 3 бейібіт тұрғынды өлтірмек болды деп айыпталып отыр.

Нақтырақ айтқанда, айыпталушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 255-бабы 4-тармағы (лаңкестік акт), 99-бабы 2-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру), 24-бабының 3-тармағы (өлтіру үшін шабуыл жасау), 192-бап 4-тармақ (топ адамға қарақшылық шабуыл), 287-бап 4-тармақ (заңсыз қару тасымалдау), 288-бап 2-тармақ (қаруды заңсыз жасау), 291-бап 4-тармақ (қару ұрлау), 200-бап 4-тармақ (көлік ұрлау), 126-бап 2-тармақ (адамды заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұған дейін Күлекбаев пен тағы 5 күдіктіге байланысты сот процесінің басталғанын хабарлаған едік.

Оқи отырыңыз:

Достары жас жұбайлардың неке түні қалай болғанын аңдып, таспаға жазып алған (видео +18)

Алған жарақатынан көз жұмған баскетболшының достары Бас прокуратураға онлайн-петиция жазды

Ақтауда екі бірдей үйдің балконынан жаймаларды байлап түскен ұры тұрғындарды аң-таң етті (фото)

Астанада полицейлер әйелді зорлап, өлтірді деген айыппен кінәсіз жанды түрмеге жапқан

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар