Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сотта Қажымұрат Үсеновтың тәркіленген мүлкі жария етілді

Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қажымұқан Мекемтас  «Астана ЭКСПО-2017» компаниясында ақша жымқыру ісі бойынша сот отырысында  бұған дейін өз кінәлерін мойындап, прокурорлармен процессуалдық келісім жасаған 12 сотталушыға қатысты үкімді оқыды.

news1465364043

 

Сурет: politobzor.net 

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Сондай-ақ сотта  аталған іс бойынша сотталғандардың тәркіленген мүліктерінің тізімі жария етілді.

Бұған дейін Үсеновке қатысты сот үкімінің шыққанын хабарлаған едік.

Судья үкімді жария ету кезінде сотталғандардың мүлкі мемлекет кірісіне тәркілеу жөнінде  қаулы етті. Қажымұрат Үсеновтен «Халық банкі» есеп-шотында тұрған 192 мың теңге көлеміндегі қаражаты, екі жер учаскесі, жазғы асхана, Алматы облысындағы тұрғын үй, Алматыдағы гараж,  Nissan автомашинасы тәркіленді.

Аталмыш іс бойынша сотталғандардың тәркіленген мүліктерінің тізімі:

Марс Шорманов ( «АДС Компаниясының» президенті – ескерту.) сот мемлекет кірісіне ЖШС-дағы 100 пайыздық үлесін тәркіледі.

Талғат Сағындықов («Ирбис Транс ЛТД» ЖШС, SS Electric Indastry ЖШС директоры) «Ирбис Транс ЛТД» ЖШС-дағы 100 пайыздық үлесі, Toyota Land Cruiser Prado, Hyundai Accent және Volkswagen Passat автокөліктері тәркіленді.

Самат Сардарбеков (Dos Group ЖШС директоры)  төрт ЖШС-дағы қатысу үлесі тәркіленді.

Алпысбек Тілекметов («Компания АДС» ЖШС президентінің кеңесшісі) мемлекет кірісіне екі ЖШС-дағы қатысу үлесі, екі жер учаскесі, тұрғын үй, Алматыдағы пәтері мен гаражы тәркіленді.

Сейіт Сейітов (Southfork ltd ЖШС атқарушы директоры) «Каспий банк» АҚ есеп шотындағы 434 мың теңге, «Цеснобанк» АҚ есеп-шотындағы 634 мың теңге, «Центр кредит» АҚ есеп-шотындағы 71 мың теңге, «Казкоммерцбанк» АҚ есеп-шотындағы 89 мың теңге және 970 мың доллар, «Халық банкі» АҚ-дағы 66 мың теңге, «Альфабанк» АҚ 296 доллары, екі үй, қойма ғимараты, кеңсе, тұрғын үйге жапсарлас ғимарат, жазғы үй, сорғы, үш жер учаскесі және Алматыда жеке  тұрғын үйі тәркіленді. Toyota Land Cruiser Prado, Nissan Patrol автокөліктері, үш ЖШС-дағы 50 және 100 пайыз қатысу үлестері мемлекет кірісіне алынды.

Ренат Ақылбаев (Алматы Еуразиялық технологиялық университетінің доцент м.а.) – Toyota Camry маркалы автокөлігі, гараж және Астанада жер учаскесі мүліктері мемлекет кірісіне тәркіленді.

Ерлан Тілеуов («Петроспек» ЖШС директоры) – Subaru маркалы автокөлігі, «Казтехноальянс» ЖШС-дағы 50 пайыз қатысу үлесі,  «Ермек Казахстан» ЖШС-дағы 100 пайыз қатысу үлесі, «Петроспект» ЖШС-дағы 100 пайыз қатысу үлесі, Алматы облысындағы екі жер учаскесі тәркіленді.

Сергей Ильин (жұмыс істемейді) –  Алматы облысында үш жер учаскесі, «УАЗ», «ВАЗ», тіркеме тәркіленді.Нұрлан Ақпамбетов ( «Southfork Ltd» ЖШС бас директоры) – «Southfork Ltd» ЖШС-дағы 100 пайыз қатысу үлесі мемлекет кірісіне тәркіленді.

Жіберіп алмаңыз:

Сот отырысында өзін “дәрменсіз адаммын” деген Үсенов Ермегияевтің күлкісін келтірді

Талқылау