Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот үкімімен келіспеген атыраулық өзін өртемекші болды

29 жастағы Атырау тұрғыны сот үкіміне келіспейтіндігін айтып, өзін өртемек болған. Өзін өртеп бастаған ол дене жарақатымен ауруханаға түскен.

9276140

Жігіт мүлік бөлісу кезінде сот үкіміне келіспейтінін айтып өзін өртеді,-деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

«25 ақпан күні  таңғы 9:20 минутта  ер азамат Сәтпаев көшесінің жанындағы жаяу жүргінші өткелінің қасында өзін өртемек болды. Нәтижесінде денесін үшінші дәрежелі күйік шалып  ауруханаға жеткізілді. Қазір жігіттің жағдайы бір қалыпты»,-деп хабарлаған  Атырау сотының баспасөз  хатшысы Гүлназира Мұхтарова.

Болған жайт арнайы тіркеуге алынып, сот алды тергеу жұмыстары басталып кеткен. Іс « Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша қаралатын болады.

«Ол өзін кассациялық соттың туысқандар арасындағы мүлік бөлісу бойынша үкімінен кейін  өртеп жіберді»,-дейді сот баспасөз хатшысы.

 

Талқылау