Сот студент қыздың үстінен түсірген Мұхамедиұлының шағымын қабылдаудан бас тартты

Жұма, 18 Қараша , 2016 18:38

Астана соты ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының студент қызға қатысты шағымын қабылдаудан бас тартты.

09348b50ccd74c0cb2dbb043909a8e23-big

Бұл туралы ru.sputniknews.kz хабарлайды.

Министр өзі туралы “жыныстық қысым көрсетті” деп мәлімдеген студент қыздың үстінен шағым түсірген болатын.

Қазан айының басында желіде пайда болған видеода қыз өзін өнер академиясының бұрынғы студенті Еңлік Садықовамын деп таныстырып, Арыстанбек Мұхамедиұлын ректор болып тұрғанда жыныстық қысым көрсетті деп кінәлайды.

Сот Мұхамедиұлының қызға қатысты шағымы қылмыстық-процессуалдық заңнама талаптарына сай келмейді деп шешім шығарған. Соттың талабы бойынша министр 15 қарашаға дейін өтінішті дұрыстап беруге тиісті еді, алайда талап уақытында орындалмаған. Нәтижесінде сот қылмыстық іс қозғау туралы министрдің шағымын қабылдаудан бас тартып отыр.

Сонымен қатар, адвокаттың айтуынша, егер Еңлік Сыдықова өзі жариялаған дәлелдерді қайтадан жариялы түрде жоққа шығаратын болса онда сотқа түсірілген министр шағымы қайтып алынады. Тиісінше Еңлік Сыдықоваға қатысты қылмыстық іс те тоқтатылады.

Сотқа дейін бұл тақырыпта журналистермен сөйлесуге құлық танытпаған министрдің өзі бұл шағымды жала деп мәлімдеген еді.

Оқи отырыңыз:

Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттік зейнеткер өз қалтасынан ел үшін 50 млрд теңге беретінін айтып Түймебаевты таңқалдырды (видео)

Израиль парламентінде күтпеген жағдай орын алып, азан шақырылды (видео)

Жазира Байырбекова: Болашақ құдаларым кім болса да маңызды емес

Рики Мартин сүйікті жігітіне тізерлеп отырып үйлену туралы ұсыныс жасады (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Пікір қалдыру


Жұмбақ жан
12 күні 11 сағат кері

Кызда аудиео запис бар шыгар

Анонимно
13 күні 2 сағат кері

Сот дурыс стеген кызды коргаган шыкар

Анонимно
13 күні 8 сағат кері

Біткен жерің осы болды…

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
03.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар