Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сот шешімі күшіне енгенде отставкаға кетемін": Ұлттық экономика министрі неліктен отставкаға кетуге дайын?

Қазақстанның ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өзінің отставкаға кету мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігінің департаменттерінің бірінің директоры Асланбек Жақыпов алаяқтық жасады деп танылып, 3 жылға сотталған еді. Сенат кулуарында журналистер министрден осы жағдайдан кейінгі әрекеті туралы сұрады. 

«Сот шешімі күшіне енгенде отставкаға кетемін. Бұл дұрыс тәжірибе. Отставкаға кету – бірінші басшысының моральдық міндеті. Мұнда басшысының қаншалықты кінәсі барын жоғарғы басшылық анықтайды», - дейді Дәленов. 

Айта кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші басшылардың қоластындағылардың жемқорлықпен ұсталғаны үшін жауап беретінін айтқан еді. Алайда ол отставканы қабылдау, қабылдамау президенттің құзіретінде екенін атап өтті. Алайда отставка туралы өтініш беру – міндетті шара.

Талқылау