Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот процесі үшін өз-өзін ұрған миллионердің әйелі жасырын камераға түсіп қалған (видео)

Миллионер Скотт Митчелдың бұрынғы әйелі Мэри Хант оны үйде зорлық жасайды деп айыптап сотқа берді.

вава

Кейінірек жасырын камераға түсірілген видео жарияланды. Жазбада 29 жастағы Ханттың өз-өзін бетінен, басынан ұрып жатқаны байқалады. Ол бұған дейін қанталап қалған жарақаттардың кінәсін Митчелге артқан болатын. Сот процесі былтырғы жылдың басында басталып кеткен. Ол кезде миллионер 2015 жылы тамыз айында ажырасып кеткен соң бұрынғы әйелін үйдегі 2 миллион долларға бағаланатын қымбат заттарын ұрлап кетті деп айыптаған еді. Біраз уақыттан соң Митчелге Ханттың әкесі алкогольді мас күйде хабарласып, қызының оған “браслет, бриллиант, барлық заттарды әкеліп бергенін” айтады.

Ал Хант болса күйеуім ұрды дейді. Оның сөзін жоққа шығаратын бейнежазбаның монтаждық құрылымын сарапшылар зерттеп жатыр. митчел тарапынан шағым бойынша сұралып отырған өтемақы құны 4 миллион долларға жетіп отыр.

Талқылау