Сот: Полицей үстіне зәр шашылса да өзін ұстауы керек еді

Жұма, 13 Мамыр , 2016 17:35

Қарағанды облыстық сотының төрағасы үстіне зәр шашылғаннан кейін мас жүргізушіні шапалақпен ұрған жезқазғандық полицейге қатысты шыққан үкім жайлы ойын айтты.

36_main

Сурет nv.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Тілшілердің сұрағына жауап берген Мұсабек Әлімбеков сотталған экс-полицейдің ісінің астамшылық болғанын айтты.

“Полицей өзін заң аясында ұстай білуі керек. Иә, құқықбұзушы оның үстіне зәр шашты, қызметтік киімін бүлдірді, бірақ бұл оған осындай әрекеттер жасауға рұқсат бермейді. Мұның қаншалықты негізі бар екенін және қаншалықты шындыққа жанасатынын әріптестеріміз апелляциялық процесті қарау кезінде шешеді”, – деді Әлімбеков.

Ал сотталған полицейдің әйелі Президент Әкімшілігіне хат жолдауға ниетті. Ол әзірше апелляциялық соттың уақыты әзірше белгісіз екенін айтты.

“Біз адвокатқа әрдайым телефон соғып жүрміз. Әзірше мен хаттың мәтінін жазбадым, бірақ таяуда жазамын. Күйеуім уақытша ұстау изоляторында, көрісуге де мүмкіндік жоқ”, – деді сотталған полицейдің әйелі Мөлдір Байсалова.

Еске салайық, қалалық жол-патрульдік полициясының қызметкері мас жүргізушіні шапалақпен ұрғаны үшін сотталған болатын. Жүргізуші қанында табылған алкогольді көрсеткен куәландыру қорытындыларымен келіспей, зәрін сержантқа шашып жіберген. Осы кезде сержант оны шапалақпен ұрған. Кейін жүргізуші қамалып, кепілақымен босатылған. Осыдан кейін 5 жылға сотталған полицейдің әйелі мәлімдеме жасаған болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Бізде əділ сот жоқ.егерде сол жүргүзуші сол мас қалпында біреуді қағып кеткенде ше сондада аиып пұл төлеп шығып кетебереме ..осылай қорғаушыларымызды соттай берсе бізді кім қорғайды?болашақ балдарымызды қалаиша заң қызметіне береміз?біреулер зəрін шашып жатса біреулер кешіріңіздер тышып жатса онда заңның не керегі бар əр кім өз білгенінше таираңдап жүре берсін..ешкімде сосын заңға бағынбаитын болады .кімге керек олай сотталып жатса..мен сот орындаушы болсам анау мас күиінде отырған еркекті куəлігінен аиырып зəрін шашқаны үшін сол жігітті соттар едім..ашумен шапалақ тартты деп олай сотауға болмаиды.халықпен санасу керек..халық қарсы жастардың үмітін үзбеи балдарын шырылдатпаи кешірім беру керек.

  • жумбак жан says:

    Сол го бир емес бирнеше адамды кагып олтирген мас болып колик айдаган шенеуликтин баласы сотталмай тайрандап жур.бир шапалакка бола катын уксап арыз жазган еркек осы комент окысан шалбарынды шеште юбка кип ал .арын жиберип калай баласынан айырып отыр.

  • админ says:

    Алимбековтын озине шашса не болар екен. Кызмет кезинде.

  • Жұмбақ жан says:

    Баскаларын неге сотамайды Адам олтирип кеткен машинамен кагып , неге , сотамай коя береди ол Адам жок кайтыс бд . Бул жерде екуиде тири ,*( мача )ушин соттап

  • Жұмбақ жан says:

    Құқықбұзушы тек қана қызметтік киімді бүлдіріп қойған жоқ, ол тəртіп сақшысының қала берсе адам баласының ар намысын аяққа таптады. Пышақ сұғып алса шыдауға болады бырақ зəрін шашып жатса шыдап тұру мүмкін емес. Шыдауға болатын шығар егер жігіт намыстан жұрдай болса.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар