Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот отырысында өзін “дәрменсіз адаммын” деген Үсенов Ермегияевтің күлкісін келтірді

Сот төрағасы Әділхан Шайхисламов сотталғандардың бірі Қажымұрат Үсенов жауап беріп жатқан кезде күліп отырған басты сотталушы “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевке ескерту жасады.

11556197

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

 “Астана ЭКСПО-2017”-де ақша қаражатын жымқыру жөніндегі іс бойынша процеске төрағалық етуші судья Әділхан Шайхисламов сотталғандардың бірі Қажымұрат Үсенов жауап беріп жатқан кезде күліп отырған басты сотталушы “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевке ескерту жасады.

“Сотталушы Ермегияев, тұрыңыз. Сізге күлкілі ме? Үсенов сұрақтарға жауап беріп тұр, ал сізге күлкілі. Сіз циркте жүрсіз бе?”, — деді сот төрешісі Шайхисламов сотталушыға қаратып.

“Жоқ, күлкілі емес”, — деді Ермегияев.

“Неге күлп отырсыз ? Отырыңыз. Мен сізге есерту жасап жатырмын”, — деп қосты төреші.

Сотта жауап берген Үсенов ақша жымқыруға өзінің қатысы жоқтығын айтты. “Мен пара берілетінін білдім, алайда мен бірдеңе айтуға дәрменсіз адаммын. Мен келісім шарттар жаздым, жұмысты жаздым, сол үшін маған еңбекақы төленді. Кету керек еді компаниядан. Бұл жерде мен қателестім”, — деді Үсенов.

Сондай-ақ, сот алдында аса ірі көлемдегі сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иелену және талан-таражға салуға күдіктелген Ермегияевтің екі орынбасары  – Мұрат Омаров және Әлішер Пірметов,  “Астана ЭКСПО-2017” басқарушы директоры Суламбек Баркинхоев жауап беруде.

20-дан астам адам істі болып жатыр. Қылмыстық іс 540 томнан тұрады.

Талқылау