Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот митингілерге қатысқан 957 адамды жазалады

Сот заңсыз митингілерге қатысқан 957 адамды жазалады. Бұл туралы Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейсіов елордада өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Бас прокуратура заңсыз митингілердің ұйымдастырылуына жол берілмейтінін бірнеше рет мәлімдеген еді. Алайда елорда мен басқа да қалаларда арандатуға ерген жекелеген тұлғалар наразылық акциясына шықты. Өздеріңіз көргендей, видеороликте полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Сол жерде кетіп бара жатқан адамдардың, әйелдер мен балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Нәтижесінде үш полицей жарақат алды. Алайда полиция қызметкерлері ұстамдылық танытты. Арнайы құралдарды қолданған жоқ. Әкімдік, прокуратура мен полиция қатысушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді», - дейді Нұрпейісов.

Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысының сөзінше, құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік жауаптылық шаралары қолданылған. 

«Акцияларға қатысқаны, заңды орындамағаны үшін 957 адам сотпен әкімшілік жазаға тартылды. Олардың 670-і қамалды. 115 адамға айыппұл салынды. 172 адамға ескерту жасалды», - дейді ол.
Бүгінде 180 азамат қамауда отыр. 

Еске сала кетсек, бұған дейін ІІМ 9 және 10 маусымда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында заңсыз митингіге қатысқан 700-ге жуық адам ұсталып, 550-ге жуығы айыппұл және қамау түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылғанын мәлімдеген еді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр