Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот матч кезінде алаңға шығып кеткен «Қайрат» футболшысы Исламбек Қуатты жазалады

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Қайрат» футболшысы Исламбек Қуаттың ісі қаралды.

59_wide

Сурет: “Қайрат” футбол клубының баспасөз қызметі

«15 маусым күні Орталық стадионда өткен футбол матчының соңында Исламбек Қуат алаңға шығып кетіп, ойыншылардың қасына барып алған. Бұл кішігірім бұзақылық болып есептеледі. Яғни, ол айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзды», – делінген хабарламады.

Сот отырысында футболшы өз кінәсін толық мойынлап, енді олай жасамайтынын айтты.

Сот шешімі бойынша құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК (21 210 теңге) көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді.

15 маусымда Алматы қаласының Орталық алаңында жергілікті “Қайрат” пен шымкенттік “Ордабасы” командаларының арасында өткен матчта алаңға трибунадан “Қайрат” футбол клубының ойыншысы Исламбек Қуат жүгіріп шыққан. Ол ойынға сары қағаздың көптігінен қатыспаған.

Талқылау