Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот британдық педофилге 22 өмір бойғы абақты жазасын кесті

30 жастағы британдық Ричард Хакл  сот үкімі бойынша педофилдік әрекеті үшін, 22 мәрте өмір бойына абақты жазасын алды.

педофилллл

Бұл туралы Lenta.ru  сайты жазды.

Ол өзіне тағылған айыптардың ішінен 71 оқиғаны, яғни  алты ай мен 12 жас аралығындағы  71 балаға сексуалдық шабуыл жасағанын мойындаған.

Хакл өзінің мұндай арам пиғылын 2006 және 2012 жылдар аралығында  Малайзия астанасы  Куала-Лумпурде жүзеге асырған. Өмір бойына фотограф болып жұмыс істеген Кента тұрғыны Малайзияға барып өзін христиан дінін уағыздап таратушы дін өкілі етіп көрсеткен.

Ол мұнысымен қоймай Малайзиядағы кедей балаларға арналған мектеп-интернатында ағылшын тілінен тегін сабақ берген. Қылмысын осы жерде жасап жүрген.

Полиция Хакла жасаған қылмыс құрбандарының 23-інің кім екенін растаған. Бірақ, қылмыскер өз кезегінде болған жайттар бойынша күнделік жазып отырған. Сондағы тізім бойынша оның қолынан зардап шеккен балалар саны өте көп.

Қылмыскер өз әрекетін ғаламтор желісіне жүктеп отырған. Суреттерді көрсету арқылы өзгелерді баларды зорлауға шақырған. Ол өзі азаптаған балаларды суретке түсіріп өзгелерге ақысына көрсетуді ойлаған. Бұдан бөлек Хакл басынан өткен жайттар бойынша кітап жазбақшы болып бастаған. Дегенмен онысы аяқталмай қалды.

Бұған дейін британдық азаматтың 200 шақты баланы зорлағаны туралы  материал ұсынған болатынбыз.

Талқылау