Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот борышкерлерге “бұзақы” деп айыппұл салды

21 қаңтарда Алматы қалалық әкімшілік соты жеті борышкерді әкімшілік жазаға тартып, оларға 40 және 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.

3F029FFC-9FCA-42D0-BB99-ACC9FCD686EF_w640_r1_s

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.

«Халыққа баспана қалдырайық!» ұйымының өкілі Сұлубике Жақсылықоваға “екі наразылық акциясына қатысқаны үшін” 80 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Кенжебек Жақыповқа, Дильнар Инсеноваға, Юлия Ширязеваға, Самал Бекбергеноваға, Шолпан Садықоваға және Дәметкен Исаеваға – 20 мың теңге шамасында айыппұл салынған.

Бұл туралы Азаттық тілшісіне белсенді борышкер Дильнар Инсенова хабарлады. Оның айтуынша, сот отырысы Алматы уақытымен 14.00-15.00 арасында өткен.

«Біздің барлығымызға 434-баптың 1-бөлім яғни, «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша айып тақты. Сот шешімімен келіспейміз, неге десеңіз, сотта “қоғамдық орынды былғадыңыздар” дейді. Ал бірақ, біріншіден, банктің ауласы – қоғамдық орын емес, жеке меншік секторға тиесілі жер. Екіншіден, банктің өзі сотқа арыз түсірмеген» деді әкімшілік жазаға тартылған борышкерлердің бірі Кенжебек Жакупов Азаттық тілшісіне.

Наразы борышкерлер дүйсенбі күні сот шешімі қолдарына тиген соң апелляциялық шағым түсіретіндерін мәлімдеді.
12 және 20 қаңтар күндері Алматыда ондаған борышкер бірнеше банк алдында флешмоб ұйымдастырып, қарсылық акцияларын өткізген болатын. Олар банктерден ипотекалық несиеге алған үйлерінің ақысын бұрынғы есептеу бойынша емес, доллардың қазіргі курсын ескере отырып төлетуді талап еткен.

Талқылау