Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот Ақтөбе тұрғынын мысығын “піштіруге” міндеттеді

«Best Style» тәлімбағының мүшесі, фелинолог маман Гүлзайра Ерекенова «Британдық қысқа жүнді» тұқымды мысықтарды өсірумен айналысады. Ол шет елге кететін болғандықтан, марғауды небәрі 14 мың теңгеге сатуына тура келіпті.

Сот Ақтөбе тұрғынын мысығын "піштіруге" міндеттеді

Бұл туралы «Актобе Таймс» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Десе де осы кезде сатып алушымен келісім шартқа отырып, құжат бойынша жаңа иесі мысық 7 айға толғанда оны тұқымсыздандыруы (кастрация) тиіс болыпты. Сонымен қатар  Гүлзайра мысықты үшінші тарапқа беруге тыйым салған. Алайда келісім шарт бұзылып, бойжеткен мысығының жаңа иесін сотқа беруге мәжбүр болған.

«Мен марғауды былтыр маусым айында саттып. Ол – асыл тұқымды. Барлық құжаттары бар. Мысық 7 айға толғанда сатып алушы келісім шарт талаптарын орындап, мысықты піштіруден бас тартты. Олар түрлі себептерін айтты. Біресе ауруханадамыз дейді, біресе басқа жаққа кетіп қалғанын айтады. Сәуірде біз мысықты піштіруге баруға келістік. Мен клиникамен өзім келісіп, бәрін дайындап қойдым. Алайда олар келмеді. Хабарлама жазып, не болғанын сұрадым. Бірақ жауап жоқ. Мұнан кейін мене мысықты сатып алған ер адам мысықтың басқа әйелдің қолында екенін мойындады. Яғни ол мысықты өзі үшін сатып алмаған», – дейді Гүлзайра Ерекенова.

Мұнан кейін бәрі расталған. Анықталғандай, мысықты сатып алған әйел жануарларды сату үшін өсірумен айналысады екен. Ал оның енесі қалада танымал кинолог-сарапшы боп шықты.

«Біздің мысықты газеттен көрдік. Олар  мысықты шағылыстыру үшін беретіні туралы хабарландыру жазған. Дәл осы себепті мысықты піштіруден үзілді-кесілді бас тартты. Нәтижесінде оларды сотқа беруден басқа амалым қалмады», – дейді Ерекенова.

Сотта жауапкер өз кінәсін мойындамады. Өз сөзінде ол келісім шарт жасасқан кезде мысықты өзінің сүйіктісі үшін сатып алғанын ауызша айтқанын және келісім шарт талаптарына мән бермегенін айтты. Сонымен қатар жауапкерлер иесі ауруханада жатқандықтан, мысықтың дер кезінде тұқымсыздандырылмағанын айтып ақталды.

«Біз осы мәселеге екі ай бойы бас қатырдық. Шынын айтсам, мен сотта жеңетінімізге сенбедім. Алайда біз жеңіп шықтық. Қуынымды ішінара қанағаттандырды. Мен мысықты піштіруді талап еттім. Олар жануарды үшінші тарапқа бергені үшін 400 мың теңге және дер кезінде тұқымсыздандырмағаны үшін 500 мың теңге өтемақы төледі. Мен олардың жануарларды өсіретінін дәлелдей алмадым», – дейді Гүлзайра Ерекенова.

Айта кетсек, тұқымсыздандыру процедурасы шамамен 5 мың теңге тұрады.

«Жаңа иелері аталған процедураны жасауға ақшасы жоқ екенін айтты. Мен өз ақшама жасауды ұсындым. Мысықты алып кетіп, процедураны жасатып, қайтып алып келетінімді айттым. Олар бас тартты. Себебі мысық өсіруді ұйғарған тәрізді. Жалпы, бұл мысықтардың бағасы мың еуродан (400 мың теңгеден аса) басталады. Мысалы мысықтың еркегін Германиядан 1 800 еуроға (736 мың теңге) сатып әкелгенмін. Бұл жағдайда піштіру талап етілмейді. Ал оны мен 14 мың теңгеге саттым. Еріксіз осылай жасадым», – дейді Гүлзайра.

Бойжеткеннің сөзінше, мысықты тұқымсыздандырғаннан кейін, жаңа иелері қатты ренжіпті.

«Мен оларға ақшасын қайтарып беретінімді айтып, мысықты қайтып алуды ұсындым. Олар бас тартты. Ендігі алдағы уақытта үлкен ақ мысық қаңғыбас боп кете ме деп алаңдаймын. Өкінішті», – дейді бойжеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау