«Сопылар ісі» деген атаумен белгілі «Зікіршілердің» күзет бастығы сотталды

Бейсенбі, 14 Сәуір , 2016 13:40

Алматының мамандандырылған аудандаралық қылмыстық істер соты бұған дейін экстремистік деп танылып, қызметіне тыйым салынған «Сенім. Білім. Өмір» республикалық қоғамдық бірлестігінің тағы бір мүшесін – Н.Нысанбаевты 10 жылға соттады.

1339161796_ismatulla

 

Бұл туралы serke.org хабарлайды.

Ол «заңсыз қоғамдық қызметке қатысу», «бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару» «адам ұрлау», «адамды бас бостандығынан заңсыз айыру», «адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» баптары бойынша айыпты деп танылды. Сот Нысанбаевтың мүлкін тәркілеп,  жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім етті. М.Нысанбаев 2010 жылдан бері қашып жүріп, былтыр ұсталған болатын.

Соттың анықтауынша, М.Нысанбаев «Сенім. Білім. Өмір» ұйымының шілхана-медресесінде күзетшілердің бастығы болған. Ол ұйымның басқа мүшелерімен бірлесіп тоғыз адамды ұрлаған, олардың арасында кәмелет жасына толмаған бала да бар. М.Нысанбаев шілхана-медресенің жертөлесінде қамауда ұстаған адамдарды азаптаған, қашып кетпес үшін кейбірін кісендеп тастаған, денсаулықтарына ауыр зардап келтірген. Соның салдарынан жәбірленушілердің бірі қайтыс болған, тағы бір адам өз-өзіне қол салған.

«Сенім. Білім. Өмір» ұйымындағы болған қылмыс «Сопылар ісі» деген атаумен белгілі. 90-жылдардың орта тұсында Қазақстанда пайда болған жаңа сипаттағы сопылар өздерін «яссауишілерміз» дейді, ал былайғы жұрт оларды «зікіршілер» деп айтайды. Ұйымның 9 мүшесін – басшылары мен белсенді қатысушыларын 2011 жылдың қазан айында Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әртүрлі мерзімге соттаған.

Олардың ішінде «зікіршілердің» пірі («бірінші тақсыр») Исматулла Әбдіғапар (суретте, 14 жыл), «Сенім. Білім. Өмір» Алматы қалалық филиалының (адамдарды қамауда ұстаған түрме-медресе  осы филиалдікі болатын) жетекшісі Саят Ыбырай (12 жыл) бар еді. Бірақ, бұл сотта қылмыстық іске қатыстылардың бәрі жауапқа тартылған жоқ. Себебі олар бой жасырып, қашып кетті. Қашып кеткендердің бірі, «зікіршілердің» «екінші тақсыры» Нарымбай Разбекұлы Сыздықбаев  шетелде қайтыс болды. Енді «зікіршілердің» шілхана-медресесінің күзет қызметін басқарған М.Нысанбаев құрықталып, 10 жылға сотталды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар