Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соңғы “Эль-Класиконың” көрермен назарынан тыс қалған қызықтары (фото, видео)

23 сәуір күні өткен “Реал”-“Барселона” кездесуінен кейін бірнеше күннен соң матчтың тасада қалған бірқатар қызықтары жария болды.

photo_213719

Бұл туралы “Советский спорт” жазады.

Матч басталар алдында Лионель Месси мен Криштиану Роналду қатар тұрды. Португалдық ойыншы аргентиналыққа: “Асығыңдар!” деп айғайлады. Бірақ, Месси естімей қалып: “А?” деді. Роналду оған “Асығыңдар!” деп қайтара айтты да, достық ниетпен оның арқасынан қақты.

Бірінші таймда Марселомен қақтығысып қалғаннан кейін Месси ауызынан қан кетіп, мақта тығып ойнауға мәжбүр болды.

55de830942bc0dd1633269e7990cd550

Ал үзілістен кейін аргентиналық алаңға қайта оралғанда, тіссіз келді.

Ол шыға берісте тісін жұлып алып, “Реалмен” айқасуға бет алған еді.

photo_213719

Мадридтіктер он адаммен қалған кезде қорғаушы Даниэль Карвахаль Луис Суареске: “Сендер “Ювентустан” 3:0 болып ұтылып қалдыңдар. Испания кубогында ойнау үшін демалыңдар. Немесе Чемпиондар Лигасын үйлеріңнен көріңдер” дейді. Мұны испандық AS басылымы жазып отыр.

Мессидің жеңіс голынан кейін Криштиану командаласы Марселомен ренжісіп қалады.

Роналду бразилиялық командаласының Серхио Робертоның жолына бөгет жасамағанына (шалып құлатпағанына) ренжіген.

Эпизод мынау: Марсело соңғы сәтте қатты қарқын алған “Барселона” ойыншысымен таласпай қалады.

1e56a0af5837d64920f4150dac6c8ae6

Осыдан соң голдық шабуыл басталып кеткен. Бірақ, Марсело ереже бұзып төрешінің қаһарына ұшыраудан қорықса керек.

“Эль-Класикодан” кейін танымал голливудтік актриса Джулия Робертс “Реал” және “Барселона” жұлдыздарымен суретке түсті.

Осы ретте Джулия мен Серхио Рамос біраз әңгімелесіп қалды. “Сен бүгін керемет ойнадың” деді Робертс.

b2b550ca3e64b423e8aeffa8eaa383f5

09d533574e30c77ed5e24eeb1ae38835

Оның бұлай айтқаны тіпті қызық. Өйткені, Рамос алаңнан қуылған кезде Джулия ризашылық білдірген еді.

Оқи отырыңыз:

WBC президенті Головкинге «жарнама жасады»

Давид Вильяның ғажайып голы хитке айналды (видео)

Роналду өзінің қыз зорлады деген айыптауға қатысы жоқ екенін мәлімдеді

Қазақтың боксшы қызы Назым Қызайбай жейделер топтамасын шығарды

Талқылау