Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соңғы байқау: Димаш Құдайберген америкалық жобаның анонсын жариялады

Соңғы байқау. Димаш Құдайберген Америкада өтетін жобаның анонсын жариялады. Отандасымыз осыдан кейін ешқандай байқауға қатыспайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

димаш Құдайберген

“Бәрін басынан бастау. Бірақ соған тұра ма? Тұрады. Себебі жоғалтуға дайын болмаған адам, жеңіске де дайын емес. Уақыт келді. 3 ақпан. Америка. “CBS” арнасында жаңа шоу. Бұл менің соңғы байқауым болмақ”, – деп жазды Димаш желідегі парақшасында.

Айта кетейік, The World’s Best яғни “Әлем үздігі” шоуы 3 ақпан күні көрерменге жол тартады.  Америкалық сайттың хабарлауынша, фанаттар шоу басталмас бұрын өз фаворитін тауып үлгерген. Ол – қазақстандық Димаш Құдайберген.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау