Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Соңғы партада отырған: Мектептегі досы Қазақстан президенті жайлы қызықты естеліктерді айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев жайлы қызықты деректер жарияланды. Бұл туралы "Комсомольская правда" басылымына президенттің мектеп кезіндегі досы айтып берді. 

Солдан оңға қарай: Қасым-Жомарт Тоқаев, Вячеслав Константинов пен Андрей Антоненко, 1970 жыл

Андрей Антоненконың айтуынша, Тоқаев мектепте соңғы партада отырған. Оған бойының ұзын болғанын себеп болған. 

Тоқаев Алматыдағы 25-мектепте оқыған. Онда білікті ұстаздар сабақ берді. Білімді түлектер ұшып шықты. 

Антоненконың айтуынша, президент мектеп қабырғасында "Жастар жеңісі" қабырға газетін шығаруға жауапты болған. Мектеп атынан шығатын "Тарихи шындық" газетіне де мақала жазатын. Одан бөлек көрмелерге, олимпиада мен жарыстарға қатысқан. "КСРО спорт шеберлігіне үміткер" болған.

Тоқаев сонымен қатар музыкамен әуестенген. Уақытының көп бөлігін сабаққа арнаған. Алайда өзге балалар секілді еркелігі де болған. Досы екеуі тақтаны сабынмен сүртіп, ұжымдық кездесулер ұйымдастыратын. 

 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр