Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Соңғы әнімнің сөзін Қайрат Нұртас жазды": Айқын Төлепберген қандай ақындармен жұмыс істейтінін айтты

Айқын Төлепберген қандай ақындармен жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BEY бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі өнер иесі хитке айналған "Жүрегім ақ, есігін қақ" әнінің сөзін жазған Қайрат Нұртас екенін айтты. Сахнадағы досына сөз жазғызып, соңғы жылдарда өзі әуен шығарып, композиторға айналған. Бұл туралы Айқын Төлепбергеннің өзі айтып берді. 

"Соңғы екі жылдары әуенді өзім жазып жүрмін. Ақындардан Ершат деген талатты жігіт бар. Соңғы әнімнің сөзін Қайрат Нұртас жазды. Назерке Семей жақсы жазады. Көп ақындармен жұмыс жасаймыз. Музыка жағынан әртүрлі. Бір әнді аламыз", - дейді.

Айқын Төлепбергеннен Қайрат Нұртас сөз жазғаннан кейін көңілі қалған ақын Айнұр Төлеу өнер иесіне ерекше баға берді. Бірақ болашақта жеңіл сөздерге мән бермеңіз деп өтінді.

"Мәтінге мән беретін әнші екеніңізді жақсы білетінмін. Бірақ, Қайрат Нұртасқа сөз жазғыздым деген сөзіңіз менің көңілімді күмілжітті. Сіз үшін орынды, жақсы ән, сөзі өтімді деп ойлайсыз ба? Жеңіл сөздерге мән бермеуге кеңес берер едім", - дейді Айнұр Төлеу.

 

Талқылау