Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сондерс Головкинді егеуқұйрыққа теңеді

Британдық Келл Брукты жеңген қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ендігі кезекте Билли Джо Сондерспен қолғап түйістіргісі келетінін жеткізді. Бұл мәлімдемеге Сондерс өзінің Туиттерінде жауап қайтарды.

новый коллаж

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“GGG, сен дайын болғанда, мен де әзір тұрамын, тек жартылай орта салмақта емес. Естідің бе, boreRat!” – деп жазды Сондерс.
Ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда “bore rat” – “жалықтырғыш егеуқұйрық” деген мағынаны білдіреді және дауыстап айтқанда “Borat” (фильм) болып естіледі.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы, орта салмақта WBA (Super), WBC және IBF санаты бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) кәсіби рингте британдық Келл Брукты (36-0, 25 КО) нокаутқа жіберіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді. Головкин айқас соңында пікір білдіріп, ендігі кездесетін қарсыластары туралы айтты. “Енді мен барлық боксшылар, мысалы кіші Юбенктен шақырту алыға әзірмін, бірақ алдымен Билли Джо Сондерспен кездескім келеді”, – деді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Головкин Мәсімовті Лондонда өтетін жекпе-жегін тамашалауға шақырды

Головкиннің қарсыласы Брук өзінен 5 килограмға ауыр болып шықты (Видео)

АҚШ тілшісі: Мен Қазақстанды Геннадий Головкин арқылы білемін

Талқылау