Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сон Паскаль адайлар арасынан әкесін іздейді

Италияға ДНҚ анализін жасатуға барған Сон Паскальға дәрігерлер әкесінің қазақ болуы мүмкін екенін айтты. Әнші бұл туралы “Гәкку” арнасына берген сұхбатында айтып берді.

image

Фото: instagram.com/sonpascal/?hl=ru

Сон Паскаль тыңдармандарына ұсынған “Мен сені сүйемін” атты әніне бейнебаянды Италияға барып түсіріп келген болатын. Бұл туған еліне барудағы жалғыз мақсаты емес.

“Мен Италияға барып ДНҚ анализін жасаттым. Дәрігерлер әкемнің қазақ болуы мүмкін екенін айтып, өздері де қатты таңқалды”, – дейді әнші.

Бұл мәліметке әншінің өзі де таңқалып, анасынан барлық шындықты айтып беруін сұраған.

11255262_100135280324201_1173554475_n

“Үйге барған соң анашымнан ол жақта не болғанын сұрадым. Мен құрсағына бітпей тұрып Атырауға демалысқа барған екен. Менің бойымда адайдың қаны бар. Атырау халқы, кімде –кім 86 жылы Луиза Потенцамен көңіл жарастырған болса, ол менің анам. Аққұба шашты. Сіздердің тараптарыңыздан жауап болады деген үміттемін. Мен өзімнің туған әкеммен қауышқым келеді”, – деп әнші барлығы расталған жағдайда, Қазақстан азаматтығын сұрайтынын айтты.

Сон Паскаль өзінің ашуланшақтығын адайлықтардың мінезімен байланыстырды. Тіпті, өзінің ата-бабасы қазақ екеніне толықтай сенімді.

Естеріңізге сала кетсек, Сон Паскальдың тыңдармандарына “Киіз үй” атты альбом ұсынғанын хабарлаған болатынбыз.

Талқылау