Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Кореяда ядролық сынақтардан кейін құбыжық балалар туа бастады

КХДР-ден қашып шыққан тұрғын радиация жер асты суына қосылғанын, көптеген су көзі тартылып, полигонға жақын орналасқан өзендерде балық қалмағанын айтқан. Солтүстік Кореяда Пангири полигонындағы ядролық сынақтардан кейін жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары түрлі ауытқушылығы бар балаларды өмірге әкеле бастады.

Бұл туралы Chosun Ilbo басылымы жазды.

КХДР-ден қашып шыққан тұрғындардың хабарлауынша, елдің перзентханаларында құбыжық балалар жиі дүниеге келетін болған. Олардың бірі басылымға берген сұхбатында радиация жер асты суына қосылғанын,  көптеген су көзі тартылып қалғанын, ал полигонға жақын орналасқан өзендерде балық қалмағанын айтқан.

2016 жылдың қаңтарында Кильджу қаласынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 50 километр жерде, Пангири полигонында жер асты ядролық сынағы жасалды.


Жіберіп алмаңыз:

Екі баланың анасы Трамп кортежіне ортаңғы саусағын шошайтқаны үшін жұмыстан қуылды

13-қабаттан секірген әйел сол жерден өтіп бара жатқан ер адамның өмірін қиып кетті

Мұсылман елі Сауд Арабиясында ақша жымқырған 49 билік өкілі құрықталды

ДАИШ басшысы жұрт байқамау үшін Ирактан Сирияға таксимен өткен

Талқылау