Солтүстік Корея аса күшті жарылыс жасап әлем елдерінің зәресін ұшырды
КХДР билігі ядролық сынақ жасағандарын ресми түрде растады. Республиканың орталық телеарнасы ядролық сынақтың сәтті өткенін жария еткен.
Фото: kp.ru
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Бүгін, 9 қыркүйек күні Солтүстік Корея уақыты бойынша сағат 09.30 шамасында қуаттылығы 5,0 балға жететін аса қатты жер сілкінісі болды. Оқиғадан соң Оңтүстік Корея президенті Пак Кых Хе мен Жапониның бас хатшысы Есихидэ Суга КХДР-дың кезекті ядролық сынақты жүзеге асырғанын мәлімдеген болатын.
Оңтүстік кореялық әскерилердің мәліметінше, жарылыстың күштілігі он килотоннды құраған. Бұл арқылы Солтүстік Корея қаңтар айында жасаған жарылыстың қуатын екі есеге арттырып отыр. Оңтүстік Корея мамандары бұл жолғы сынақ КХДР тарихындағы ең ірі ядролық жарылыс болуы мүмкін екендігін де мәлімдеген.
Осы жарылыстан соң Оңтүстік Корея, Жапония және АҚШ елдері БҰҰ-на хабарласып, жедел түрде Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізу керектігі туралы өтініш білдірген. Солтүстік Корея мәселесі бойынша БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің отырысы бүгін өткізілуі мүмкін.