Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда саңырауқұлақтан уланған 4 жасар бала көз жұмды

Солтүстік Қазақстанда саңырауқұлақтан уланған қыздардың денсаулығын қалыпқа келтіру үшін қан керек болып жатыр.

Солтүстік Қазақстанда саңырауқұлақтан уланған 4 жасар бала көз жұмды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Петропавлдық отбасының саңырауқұлақтан уланғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерге жарияланған болатын. Қолданушылардың хабарынша, бір бала қайтыс болған, әлі екеуі ауыр жағдайда жатыр.

“Бұл отбасы – біздің қызметкерлердің туыстары. 4 жасар қыз қайтыс болды, қалғандары әлі ауыр жағдайда жатыр”, – деп жазды өңір тұрғындары. Кейінірек баланың анасының да қайтыс болғаны белгілі болды.

8, 12 жастағы тағы екі қыз облыстық балалар ауруханасында жатыр. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде Қызылжар ауданының 8,12 жастағы екі тұрғынының жатқанын растады. Оларды аман алып қалу үшін қажетті ем жасалуда.

Қыздардың туыстары донорлар іздестіруде. Хабарландырулар желілерге таратылған. Қазір облыс тұрғындары қан орталығына келіп қан тапсыруда. Қан тобының нақты қандай болғаны маңызды емес.

 

Талқылау