Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда мектептен шыққан мұғалім боранда жоғалып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен Уәлиханов ауданының 20 жастағы тұрғынын іздестіріп жатыр.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Уәлиханов ауданында ішкі істер бөлімінің жеке құрамы кеше дабыл бойынша көтерілді.

“ІІД және аудандық ішкі істер бөлімі, сондай-ақ төтенше жағдайлар және әкімдік қызметкерлері екінші күн Береке ауылының 20 жастағы тұрғынын іздеп жатыр. Бейсенбі сағат 12:30 шамасында мұғалім мектептен шығып кетіп, осы уақытқа дейін үйіне оралған жоқ. Жолда оның ауылдасының үйіне кіргені белгілі болды. Үйден шыққасын боранда белгісіз жаққа кетіп қалуы мүмкін”, — дейді аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Марат Әлжанов.

Полиция подполковнигінің айтуынша, іздеу топтары жұмыс істеп жатыр. Мұғалім көрші ауылдардан да іздестірілуде, Ақмола облысының полицейлері де жағдайдан хабардар.

Жіберіп алмаңыз:

Қостанайлық әйел туған ұлын аяусыздықпен өлтірді

Боран салдарынан Хан Шатыр сауда орталығы ғимаратына зақым келді

Астанада қатты боран университеттің шатырын жұлып әкетті

Астанада бораннан адасып кеткен оқушыны КамАЗ жүргізушісі құтқарып қалды

Талқылау