Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан полицейлері үйсіздерге жылы киімдер үлестірді

Солтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары үйсіз жүрген азаматтарға жылы киімдер таратып берді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

11150564

Сурет СҚО ІІД

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша “Жақсылық жаса” акциясының аясында полицейлер осындай игі істі қолға алған. Олар тұрақты баспанасы жоқ, үйсіздерге жылы киімдер мен аяқ киімдер тарту етті.

“Қайырымдылық шараны полицейлердің басшысы СҚО ішкі істер департаментінің жетекшісінің орынбасары Қайрат Оразалин және жергілікті полиция басқармасының басшысы Қанат Айтбаев бастады. Дала кезген үйсіз жандарға тәртіп сақшыларының атынан спорттық күртешелер, шалбар мен жемпірлер тапсырылды”, – делінген хабарламада.

Жыл басында СҚО ІІД басшысы генерал-майор Берік Біләловтың бастамасымен Петропавлда үйсіз жүрген жандарды бейімдеу орталығы ашылған болатын. Екі ай ішінде ол жерге оншақты адам орналастырылған.

Талқылау