Солтүстікте топан судан қашқан жүздеген тұрғын мектепте түнеп жатыр

Сәрсенбі, 6 Сәуір , 2016 22:38

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Қазір бұл ауданның жеті елді мекенін су басқан. Солардың ішіндегі ең ірісі – Келлеровка ауылының жетпіске жуық тұрғыны кешеден бері мектеп ғимаратында отыр деп хабарлады КТК арнасы.

Безымянный

Өңірдің құтқарушыларына көмекке Астана мен Алматыдан Төтенше жағдай комитетінің жасағы барған. Бәтима Сүлейменованың үйін су басқанда, төтеншеліктер оны төрт немересімен бірге екі кештің ортасында мектеп ғимаратына алып келіпті. Балаларды ұйықтауға партаға жатқызған әжесі түні бойы мал-мүлкін уайымдап, көз ілмеген. Ал мектеп директоры ғимарат қонуға лайықталмаса да, қолдан келгенді аяп жатқан жоқпыз дейді.

“70-ке жақын адам әкелді, мына жерге мектепке. Тамақ берілді жан-жақтан көмек көрсетіліп жатыр. Әкімдіктен, мұғалімдер, жергілікті халық, жеке кәсіпкерлер келіп,қандай көмек керек деп сұрап жатыр”, – дейді Келлеровка орта мектебінің директоры Ұлмекен Қасымова.

Мектепте сабақ тоқтатылған. Сынып бөлмелерін осында әкелінген отбасылар бөліп алыпты. Ал мына акт залында тасқынның бетін қайтаруға Алматы мен Астанадан келген төтеншеліктер демалып жатыр. Олар түні бойы қызыл сумен күресіп тұрғындарды, олардың малын қауіпсіз жерге тасыған.

Су ауылға үш күннен бері толассыз келіп жатыр. Оның деңгейі әлі де көтеріледі дейді мамандар. Оның үстіне синоптиктердің болжамы бойынша, бүгін, ертең өңірде найзағай ойнап, жауын жаумақшы. Бұл жығылған үстіне жұдырық болғалы тұр.

Қазір бір кезде аудан орталығы болған Келлеровканың үштен бірі суда тұр. Құтқарушылар оның бетін қайтару үшін арықтарды тазалап, арнасын кеңейтуге көшкен. Су басқан үйлердің малы ауыл сыртындағы жайылымда жүр. Олардың жем-шөбін жергілікті шаруа қожалығы көтеріпті. Ал төтенше жағдай жариялаған аудан тұрғындары өтемақыға үміттене алады екен.

“Заң бойынша бюджеттен қаражат бөлінеді. Өтемақы бәрі төленеді. Демеушілер бар. Көмегін елге береміз”, – деді Тайынша ауданының әкімі Ержан Иманислам.

Топан су басты деген хабар қазір Қызылжар өңірінің өзге де аудандарынан келіп жатыр. Әйтеуір, еріген қар суының қарқыны қатты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар