Солтүстікке көшіп келген отбасылар тиесілі ақшаларын ала алмай отыр

Сәрсенбі, 15 Қараша , 2017 7:35

Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстіктен арнайы бағдарлама бойынша қоныс аударған 74 отбасы осы уақытқа дейін тиесілі ақшалай көмек ала алмай отыр,-деп жазды КТК арнасы.

Биыл теріскейге берілген 110 квота тамыз айында-ақ толып қалғандықтан, Қызылжар өңіріне күзде бет алған жұрт қаржысыз қалыпты. Жергілікті шенеуніктер бұл мәселе бойынша Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігіне өтініш жазған.

Бірақ бұл тұрғыда әлі шешім қабылданған жоқ. Алдымыз қыс деп алаңдаған жұрт не баспана сатып ала алмай, не отынын түсіре алмай отыр.

Бөрібековтар отбасы Қызылжар ауданы Красноярка ауылына биыл қыркүйекте Шымкент қаласынан көшіп келіпті.Отағасы Омарбек ол жақта өз үйім болған жоқ, әке-шешемнің қолында тұрдым дейді.

Теріскейде жұмыс бар, баспанаға да ақша беріледі  дегенді естіп келген оған  ауыл мектебінен қызмет табылыпты. Есесіне баспана жағы қиын болып тұр дейді ол. 800 мың теңгеге келіскен мына үйдің иесі осы айдың аяғына дейін ғана ақшасына қарай тұрамын деген екен.

«Ертең үй  иесі  ақшаны берген жоқсың деп айтуы мүмкін. Бұл жағдайды мен әкімдікке айттым. Олар бермеген жағдайда ауыл әкімі келеді, келісімді созады әрі қарай деді. Ақша келгенше. Сөйтіп келістіреміз деп отыр»,-дейді  Красноярка ауылының тұрғыны Омарбек Бөрібеков.

Алайда Ресейге көшіп кеткен үй иесінің әкімді тыңдап, бұларды осында қалдыратынына еш кепілдік жоқ. Бөрібековтер «нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» деген аты дардай бағдарлама аясында көшіп келген. Алайда биыл  өңірге бөлінген 110 квота тамызда-ақ толып, 74 отбасына қаржы жетпей қалыпты. Бәріне керегі – мемлекеттен берілетін бір реттік жәрдемақы мен  бір жылға баспана жалдауға қажетті ақша.

«Балаларымызбен қай жаққа барамыз. Күн суықта. Алды қыс болып жатыр. Балаларым ауырып қалама деп уайымдаймын. Ақша беріп қалса көмір, отындарымызды реттеп алсақ па деп едім. Ақша жағы кешігіп жатыр»,-дейді Красноярка ауылының тұрғыны  Зерегүл Бөрібекова.

Солтүстікке оңтүстіктен жұмыс қолын тарту ісі былтыр ол Жол картасы аясында жүзеге асса, биыл бөлек бағдарлама ашылып, бюджеттен қыруар қаржы бөлініпті. Оған сай отбасының әр мүшесіне 79 мың теңгеден бір реттік және бір жылға баспана жалдауға ай сайын 50 мың теңгеге дейін қаржы беріледі. Шеннеуніктердің айтуынша, шотта қаржы бар. Алайда оны квотадан тыс келгендерге  таратып беруге негіз жоқ.

Оқи отырыңыз:

Павлодарлық өзінің пәтерін өзі тонаған болып шықты

Омбыда демографияны көтеру үшін Қазақстаннан ер-азаматтар әкелу ұсынылды

Ресейде жол көлік апатына түскен қазақстандықтар автобуста тұрып жатыр (фото)

Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды (фото)

 

 

«Қазіргі кезде біз министрлікке өтініш жаздық. 74 отбасына квотаны ұлғайту бойынша, қазіргі кезде министрлік осы біздің ұсынысты қолдады,  қарастырды. Келесі осы жоспарда бар көбейту. Айдың аяғына дейін осы 74 отбасы квотаға  енгізіліп, ақшасы айдың аяғында немесе желтоқсанның басында ақша төленеді»,-дейді СҚО жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Алма Махметова.

 

Министрлік асықпағанымен, «шықпа жанып шықпа» деп отырған  74 отбасы сол шешімді күн санап күтіп отыр. Алдағы жылы өңірге биылғыдан  7 есе артық квота берілетін болыпты. Шендінің айтуынша,  бұдай былай өңірде  мұндай түйткіл туындамауы тиіс.

 

Еліміз бойынша оңтүстіктен көшіп келетіндерге ең көп квота дәл осы Солтүстік Қазақстан облысына бөлініпті. Салыстыру үшін айтайық,  биыл  Қостанай облысына небәрі 25 квота берілсе, Қызылжар өңіріне алдағы жылы 110 отбасы қоныстандырылған. Алайда Қызылжарды  жерсінбей жатқандар да бар екен. Екі жылда 12 отбасы оңтүстікке қайтып көшіп кеткен.  Басты себеп ауа райының қолайсыздығы көрінеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар