Солтүстік Кореяның көшбасшысы КХДР-да сутегі бомбасының барын мәлімдеді

Бейсенбі, 10 Желтоқсан , 2015 16:39

Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ун елде сутегі бомбасының барын айтып, елдің егемендігін қорғауда қолдануы мүмкіндігін жеткізді.

 g57_e013c1b6da51ee6da50589c4118659ca

Мұндай пікірді Солтүстік Корея басшысы Пхеньяндағы тарихи-революциялық даңқты орынды аралауында айтты, деп хабарлады РИА-Новости.

«Өз елінің егемендігі мен ұлттық қадір-қасиетін қорғау мақсатында   атом және сутегі бомбасының бастамаларын ойластырып, қажетінде қоса алатын болса еліміз ең мықты ядролық мемлекет болар еді», – деді Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ун.

Айтуынша, егер осылай ары қарай да жасай беретін болса КХДР бір жаудың ығына жығылмайтын мықты мемлекет болатынын жеткізді.

Солтүстік Корея өздерін ядролық мемлекет ретінде 2005 жылы жариялаған. 2006 жылы, 2009 және 2013 жылдары жерасты ядролық сынақ жүргізілген. Бірақ бұл жағдай халықаралық қоғамдастық тарапынан үлкен наразылық туғызды.

2012 жылдың желтоқсан айында «Ынха-3» ракетасы  «Кванменсон-3» екінші өзгеруімен спутниктен ұшырылды. Көптеген елдер соның ішінде Жапония, АҚШ және Оңтүстік Корея елдері іс жүзінде құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өтті деп қауіптенеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар