Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Кореяның ең беделді әйелі кім?

Ол – Солтүстік Кореядағы ең құдіретті, беделді әйел. Оның есімі – Ким Е Чжон. Ол аталған елдің көшбасшысы Ким Чен Ынның қарындасы. Солтүстік Кореяның ең беделді әйелі туралы не білеміз? Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Солтүстік Кореяның ең беделді әйелі кім?

Ол 1988 жылы дүниеге келген. Ағасы сияқты Швейцарияда білім алған. 2015 жылы Ким Е Чжонның баласы дүниеге келген деседі. Әкесі кім екені белгісіз.

Ким Е Чжон көпшілік алдына алғаш рет 2011 жылы шықты. Ол кезде өзінің әкесі Ким Чем Ирдің жаназасына қатысты. 2014 жылдан бастап кореялықтар Ким Е Чжонға жоғары шенді азаматша ретінде қарайтын болды. Ол Ким Чен Ынның жеке күзетін басқаратын болды. Алайда бір жыл сәтсіз жұмыс істегеннен кейін ол бұл қызметінен түсіп қалды. 2017 жылы Ким Е Чжон Корея республикасы политбюро құрамына кірді. Ол ресми делегацияларға ел атынан қатыса бастады. Екі ел біріккен кезде ол Оңтүстік Кореяға да барып қайтты. Ол оңтүстіктегі көршісіне барып қайтқан Ким әулетінің алғашқы мүшесі атанды. Оңтүстік Корея басшысы Мун Чжэ Иннің қолын алып, сенсация жасады.

Солтүстік Кореяның ең беделді әйелі кім?

Оңтүстік Кореялық БАҚ өкілдері Ким Е Чжонды Корея Республикасының “Иванкасы” деп атайды. Оған да, Дональд Трамптың қызына да қымбат брендтер ұнайды. Алайда Вашингтон Кимді ұнатпайды. АҚШ өз елінде адам құқығын сан мәрте таптағаны үшін оған қарсы санкция жариялаған.

Солтүстік Кореяның ең беделді әйелі кім?

Сарапшылардың пікірінше, Ким Чен Ын қарындасынан жиі кеңес сұрайды. Алайда жергілікті БАҚ өкілдері оның сөздерін ешқашан келтірген емес. Қаншалықты мықты көшбасшы болса да, ол Солтүстік Кореяның басшысы бола алмайды. Себебі бұл елде патриархалды жүйе дамыған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр