Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Кореяда алты шенеунік ату жазасына кесілді

КХДР-да елден жырақта жұмыс істейтін азаматтарға жауапты алты шенеунік ату жазасына кесілген.

ab569e39-0387-4e96-a852-294d19eefd1f

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Корея ақпарат құралдары таратқан ақпарат бойынша Ким Чен Ын өз қызметін лайықты атқара алмаған алты шенеунікті жазалауды бұйырған. Ату жазасына жалпы саны 200 адам қатысқан. Олардың арасында туыстары, қарапайым азаматтар мен шетте жұмыс жасаушылар бар.

Осы жылдың сәуір айында 13 қызметкерден тұратын Солтүстік Кореяның Қытайдағы мейрамханасынан жұмысшылар Оңтүстік Кореяға қашып кеткен еді. Бір айдан соң олардың әрекетін тағы үш қызметкер қайталады. Ресми Пхеньян ол азаматтарды оңтсүтіккореялықтар ұрлап әкетті деп айыптап, отанына қайтаруларын талап етуде.

Талқылау