Солтүстік Қазақстандағы су тасқыны: жүздеген үйді су басты

Сейсенбі, 25 Сәуір , 2017 16:47

Есіл өзеніндегі судың деңгейі шырқау шыңына жетуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны ахуалы күрделі болып тұр, деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

7878

“Петропавл аумағында Есіл өзеніндегі судың деңгейі шырқау шыңына жетіп, соңғы 23 жылда болмаған көрсеткішті көрсетті. Дәл осындай көрсеткіш СҚО-да 1980 жылдан кейін соңғы рет 1994 жылы болған”, — деп нақтылады Иманқұлов.

Сейсенбіге қараған түні облыс орталығында Есіл өзеніне жақын орналасқан кенттердегі 122 тұрғын үйді су басты. Дәл осындай қиын жағдай Кожевенный зауыты кентінде орын алып, 115 үй су астында қалса, Заречный кентінде үш үйді және Перминовый көшесіндегі төрт үйді су басты. Иманқұловтың сөзіне қарағанда, аталмыш төтенше жағдайды ауыздықтау үшін және эвакуациялық іс-шаралар жүргізу үшін СҚО ТЖД, СҚО бойынша ҚР ІІМ ТЖК Апатты медицина орталығының мамандары, ҚР Ұлттық гвардиясы №6637 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері жұмылдырылды.

“Кожевенный зауыт кентінен сағат 11:00-ге СҚО ТЖ жөніндегі департамент пен республикалқ жедел құтқару жасағының күштерімен 215 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Сондай-ақ бір күн бұрын, 24 сәуірде РЖҚЖ құтқарушылары мен СҚО ТЖД жеке құрамы бірлесіп Заречный аулынан 26 адам мен 80 ұсақ мүйіз мал қауіпсіз жерге көшірді. Қауіпсіз жерге көшіру шаралары жалғасып жатыр”, — деп атап өтті Иманқұлов.

Осыдан бірер күн бұрын Қостанай да осындай жағдайды бастан өткерген еді.

Оқи отырыңыз:

Мектеп оқушысы Сапарбаевтан «ағалап» көмек сұрады (видео)

Ел аумағында нөсерлі жауын жауып, үсік жүреді

Қызылордада мұғалімнен 5 мың теңге пара сұраған директор сотталып кетті

Қазақстан имамдары «Ханафи мазхабы мен Матуриди сенім мектебі» ұстанымын бекітті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар