Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда полиция жолда қалған автобус жолушыларын құтқарды

«Петорпавл – Қостанай» бағытында жанармайы қатып, жолда қалған автобус жолаушылары мен жүргізушісі құтқарылды

9936430
“Петропавл – Қостанай” тас жолында Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына қарасты, Светлое ауылының маңында қалған автобуста алты жолаушы мен жүргізуші болған.

“Дәл осы уақытта аудан орталығы Пресновкадан Макарьевка селосын беке алып  Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің жедел тобы да келе жатқан еді. Полиция қызметкерлері жолда тұрған автобусты көріп, аялдайды. Сөйтсе, автобусқа құйылған жаздық жанармай қатып қалған екен. Полиция келгенше жедел топ көліктің жанармай құятын багын жылытқыш лампамен жылыта бастаған», – дейді облыстық ішкі істер бөлімінің қызметкері  Юрий Клыков. Жамбыл аудандық ІІБ бөлім бастығының орынбасары Арыстан Сұлтанғазиевтің айтуынша, қалааралық автобустың жолда қалғаны туралы ақпарат СҚО ІІД жол-патруль полициясы батальонының қызметкерлеріне жіберілген.

“Автобустағыларды құтқару үшін жақын маңдағы ауылдан трактор жіберілді. “MAN” автобусын сүйреп оталдырып, әрі қарай жүріп кетуіне көмектесті. Полиция қызметкерлері мен құқарушылар барлық көлік жүргізушілеріне қыс мезгілінде жолға шығар алдында көліктің техникалық ахуалына абай болуларын ескертеді»  – дейді полиция ұжымы.

Төтенше жағдайлар орын алған жағдайда 112, 102 телефондарына қоңырау шалу керек.

Талқылау