Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан тұрғындары  Ресей мен Германияға көптеп көшіп  кетуде

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысынан 9516 адам көшіп кеткен.

 

Оның 6979-ы – Қазақстанның басқа өңірлеріне, 2359-ы – ТМД елдеріне және 178-і әлемнің басқа елдеріне қоныс аударған. Осы уақыт аралығында Солтүстік Қазақстанға 5273 адам керісінше, көшіп келген.

Олардың 4664-і Қазақстанның басқа өңірлерінен, 554-і ТМД елдерінен және 55 адам әлемнің басқа елдерінен келген. Бұл туралы СҚО Статистика департаментінен мәлім етті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ТМД елдерінен Солтүстік өңірге көшіп келгендер саны – 19,1%, кеткендер саны 4,3% артты.

«Біздің облыстан шыққан эмигранттардың негізгі бөлігін Ресей Федерациясы (барлық кеткендердің 99%) қабылдайды. ТМД елдерінен облысқа келгендердің ішінен 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте ең үлкен үлес салмақты Ресей Федерациясынан (ТМД-дан барлық келгендердің 78%-ы) және Тәжікстаннан (8,7%) келгендер құрайды», – делінген таратылған ақпаратта.

Алыс шет елдерден облысқа келгендердің арасында Қытай мигранттары – 21 адамды, Германия – 13 адамды, Монғолия 8 адамды құрайды. Германия облыс тұрғындарының негізгі эмиграция елі болып қалуда, онда эмигранттардың 64% немесе 114 адам қоныс аударды.

Оқи отырыңыз:

700-ден астам өзге ұлт өкілі Қазақстан азаматтығын алмақ

Алматыда букмекерлік кеңсе ұтыс ұтқан клиентіне 62 млн теңге төлейтін болды

Павлодарда мұғалім оқушының алтын бұйымдарын алдап алып қойған

 

Талқылау