Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам қызын құтқарып, тілсіз жаудан қаза тапты

СҚО-да ер адам отқа оранған үйдің ішінде жан тапсырды. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Өрт Архангелка ауылында шықты. 13 жастағы қыз үйінде жалғыз отырған. Әкесі аулаға шығып кеткен еді. Ал анасы ол уақытта жұмыстан әлі қайтып келмеген.

Жылдам өрпіп жатқан отты көрген қыз бала терезені сындырып, әкесінің арқасында сыртқы шығып үлгерді. Ер адам отқа оранып бара жатқан үйінің ішіне құжаттарын, ақшаны алу үшін қайта кірді деген болжам бар. Өкінішке орай, ол үйден шыға алмаған.

Өрт баллондағы газдан шығуы мүмкін. Үйдің иесі қатып қалған балонды бірден пешке қосқан. Үй түгелімен жанып кетті.

“Ол жалаңаяқ тұрды. Өзімнің пимамды бердім. Өрт кезінде газ баллоны жарылды. Тілсіз жаудың нәтижесінде ер адам мерт болды”, — дейді СҚО ТЖД (Төтенше Жағдайлар Департаменті) жетекшісінің орынбасары  Нұрлан Атығаев.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр