Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Кореяда үйлену тойы мен жерлеу рәсіміне тыйым салынды

Солтүстік Кореяда басқарушы Корея еңбек партиясының съезді өту қарсаңында елде үйлену тойлары мен жерлеу рәсімдеріне қатаң тыйым салынды. Бұл шаралар қауіпсіздікті сақтау мақсатында қолға алынып отыр.

1280122

Сурет pics.utro.ru

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

6 мамырда ашылатын съезд 36 жылдан бері алғаш рет өткізілгелі отыр. Партия жарғысына сәйкес съезд кезінде Орталық комитеттің және Орталық ревизиялық комиссияның жұмыс нәтижелері жария етіледі. Елдегі негізгі мәселелер бойынша шешім қабылданып, партияның бас хатшысы тағайындалады.

Осы шараны өткізу кезінде ел астанасында қатаң шаралар қолға алынбақ: Пхеньянға кіретін есіктер толық жабылып, сондай-ақ, Қытаймен шекаралас аймақтарда да қауіпсіздік мәселесі күрт күшейтілмек.

Аталмыш жиын ел басшысы Ким Чен Ынның билігін күшейте түсуге бағытталып отыр. Ол билік басына 2011 жылы әкесі Ким Чен Ир қайтыс болған соң келді.

Талқылау