Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Корея қысқа қашықтыққа Жапон теңізіне қарай зымыран ұшырды

Солтүстік Корея бүгін тағы бірнеше зымыранды аспан көгіне ұзатып салды. Зымырандар жергілікті уақытпен таңғы 10 шамасында Вонсан қаласы аумағынан ұшырылды.

3232

Сурет © REUTERS/ KCNA

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Әзірге нақты қанша зымыран әуелегені белгісіз. Солтүстік Кореяның бұл әрекетіне БҰҰ қауіпсіздік кеңесі мұны ядролық қаруды сынауға талпыну деп бағалап, соңғы 20 жыл көлемінде болмаған санкция белгіледі.

Енді салынған тыйым бойынша Солтүстік Кореяға авиация және зымыран отыны жіберілмейді. Мемлекетке кіретін және шығатын жүктер де қатаң тексеріледі. Сондай-ақ, барлық қару түрлерінің сатылуына да тыйым салып отыр. Мемлекеттен экспортталатын темір, көмір, алтын, титан және сирек кездесетін табиғи минералды заттар да шектеледі және банктерге де қаржылық санкциялар салынбақ.

3333

Сурет © AP Photo/ Ahn Young-joon

Осыған дейін де Солтүстік Корея 7 ақпан күні құрлық аралық баллистикалық зымыранын орбитаға шығарған еді. Әлемдік қауымдастық аталмыш ұшырылымды да БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ережелеріне қайшы деп бағалаған.

Талқылау