Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Соқыр махаббатты” түріктер үш жыл бұрын “Тек сен” деп түсіріп тастаған (видео)

Жар салып, бүкіл елді дүрліктерген Сиви Махмуди мен Ренат Баситовтың киносы көрерменге жол тартты. Фильмге қанша пиар жасап, бір көлікті «құрбан» етіп, қазақтың екі бірдей қызы Мақпал Жүнісова мен Гүлнұр Оразымбетованы ренжітіп, артынша кешірім сұрап киноны жарнамалаған еңбектері еш сияқты.

махаббат

Кәсіби актерларды емес, елімізде атағы жарып тұрған Қайрат нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков сынды танымал адамдарды ойнатқанымен кино плагиат болып шықты,-деп жазды Stan.kz тілшісі.

Көрген көрермен де, журналистер қауымы да түріктің «Тек сен» атты 2014 жылы шыққан фильміне қатты ұқсатты.

Әсіресе, жол апатынан көзі көрмей қалған қыз бен боксшы жігіттің оқиғасы нақ ұрланған. Кішкентай баланы көшеден тауып, бағып-қағып, боксқа бейімдеген бапкер де сол түріктің киносында бар.

Боксты тастап, қайта оралар сәтін де түріктер осыдан 3 жыл бұрын түсіріп тастапты.

«Соқыр махаббат» фильмінің продюсері Ренат Баситов ұқсастықты жасырмайды. Бірақ, ұрланған жоқ дейді.

«Біз негізі басқа кино түсіреміз деп жүргенбіз. Бірақ, сценаристерге кастинг жариялағанда осы оқиға желісімен бір азамат келді. Ол бұл саланың маманы емес. Десе де, бізге осы оқиға қатты ұнап, бар күшімізді осыған салдық. Алайда, тағдыр барлық елде бір. Соқыр қыздың тағдыры туралы кино кәрістерде де, өзбектерде де бар. Түріктің киносындағы жаңағы соқыр қыз, бапкер, боксшы деген сияқты кейіпкерлері ғана ұқсамаса, қалғаны мүлдем басқа»,- дейді Ренат Баситов.

Киноның режиссеры Данияр Саид. Бір жыл уақытты алған кино желісі түріктердің киносымен ұқсас екенін жасырмайды.

«Ия, картинасы ұқсайтын шығар. Бірақ бұл плагиат емес. Сценарий, идея өзіміздікі. Ия, соқыр қыз, бапкер, боксшы деген сияқты кейіпкерлер бар. Жасырмаймыз, бірақ ұрланған жоқ», – дейді режиссер.

Киноны көріп шыққан жұртшылық та тек кейіпкерлерді ғана емес киноның картинасына дейін ұқсатты. Естеріңізде болса, Тәуекел мүсілім түскен «В поисках мамы» фильмін ел Жапонияның «в поисках матери» фильміне қатты ұқсатқан болатын. Ал, қазір тек қана саунтректен алынған видеомен түріктің киносын салыстыруды назарларыңызға ұсынамыз.

Оқи отырыңыз:

Қарақат Әбілдина туған күнін Астанадағы Хазірет Сұлтан мешітінде дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Әнші Әдемі төсек қатынасын көрсететін ұятсыз фильмге түсті

Мақпал Жүнісова қыр соңынан қалмай қойған бүлдіршін туралы айтып жұртты күлдірді (видео)

Жазушы Гүлнұр Оразымбетованы Ұлттық арнаның директоры етіп тағайындауды ұсынды

Талқылау