Соқыр емеспін: Сәкен Майғазиев сұлу қыздарға тамсана қарайтынын мойындады

Сәкен Майғазиевтің пікірінше, тоқал алған азаматтарды орынсыз, жөнсіз сынаған дұрыс емес. Себебі, бірнеше әйел алуға шариғаттың өзінде рұқсат етілген. Бұл орайда әнші өзінің сұлулыққа, жас қыздарға деген көзқарасы жайлы айтты.

Соқыр емеспін: Сәкен Майғазиев сұлу қыздарға тамсана қарайтынын мойындады

Фото: Сәкен Майғазиевтің жеке мұрағатынан

Бұл туралы Майғазиев “Хабар” арнасының “Компромат” бағдарламасында айтқан, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

“Шариғатта рұқсат етілген нәрсеге несін алып-қосамын? Адамзатқа үлгі қып жіберген пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) сүннеті. Ол кісі “хайырлысы біреу” деді. “Егер шамаң келсе, барлығын ауызбірлікпен, ешқандай шаңырақты шайқалтпай ұстай алсаң, алғаның абзал” деді. Ал енді алып жатқан азаматтардың әрекетін сатқындыққа балаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Егер екінші не үшінші әйелден перзент келіп жатса, Алла Тағала оның тағдырын солай жазған. Болды ол дүниеге келу керек, оны біз талқыға салуға тиісті емеспіз”, – деген Майғазиев өзінің тоқалы жоқ екенін де айтты.

Алайда сұлу қыздарға тамсана қарайтынын жасырмады.

“Көзім соқыр деп айта алмаймын, көремін, сұлулықты бағалаймын. Керек болса, қай әншінің болмаса қай тұлғаның маған ұнайтыны отбасыма мәлім. Ешкімнен ешнәрсе жасырмаймын. Аллаға шүкір, жұбайымның маған деген сенімі шығар, көзінше де кез келген кішкентай қызға немесе келіншекке “өте сүйкімдісіз” деп айта аламын. Неге десеңіз, ол шындық. Жұбайым жоқ кезде айтатын нәрселерді, бар кезде де айта аламын”, – дейді Сәкен.

Әнші сұлу қыздарға тамсана қарағанымен, өмірінде есі кетіп ғашық болып көрмегенін тілге тиек етті.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар