Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соққыға жығылған Астана тұрғыны Қайрат Жамалиевке еш шағымы жоқ екенін айтты

Жәбір көрген Астана тұрғыныбизнесмен Қайрат Жамалиевке еш шағымы жоқ екенін айтты. Ол полицейлерге тергеуді тоқтату туралы өтінішін айтты.

Бұдан әрі қарайғы шешімді “Бұзақылық” ісі бойынша тереу ісінің қорытындысымен қабылдайды, деп хабарлайды 31 арна. 

Қайрат Жамалиев 36 жастағы тұрғынның шағымынан соң кезекті рет істі болған еді. 18 қарашада тұрғын өзінің соққыға жығылғанын айтып, полицияға шағымданған. Полиция жәбірленушінің ұрған  адамдарды ұстады. Оның ішінде Қайрат Жамалиев те бар болып шықты

Жамалиев ешқайда кетпейтіні жөнінде қолхат жазып босатылды.

Айта кетейік, Жамалиев “Әліби ісінен” соң істі болып, түрмеге қамалған еді. 2015 жыды Жамалиевті 13 жылғ қамады. Кейін жазасын 7 жылға қысқартып, соңында айыппұлмен ауыстырды. Кәсіпкер 900 мыңдай айыппұл төлеп, бостандыққа шыққан болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау