Соғыста жүргендей болдым: Куәгерлер Түркістан облысындағы қарулы атыстың мән-жайын айтты

Түркістан облысының Достық аулында атыс кезінде сол жерде кездейсоқ болған куәгер мерт болды. 22 жастағы жігіт төбелеске араласпаған. Делдалдық ететін екі жігіт клиент үшін сөзге келіп қалғанда, ол серігімен бірге қауын тиеп жүрген. Бастапқыда олар төбелесіп қалып, артынша олардың бірі қаруланған адамдарды алып келген. Олар істің байыбына бармастан, бірден оқ ата бастапты, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Соғыста жүргендей болдым: Куәгерлер Түркістан облысындағы қарулы атыстың мән-жайын айтты

Ұлықбаевтар отбасы 4 күн бұрын жалғыз ұлын  жер қойнына тапсырды. 22 жастағы Бердіқожа екі аптадан кейін физика мен математика пәндері бойынша мұғалімдік жұмысын бастамақ болған. Алайда жазда үйінде бос отырмай, жүк тиеуші болып нәпақасын тауып жүріпті. Сол күні ол серігімен бірге жүк көлігіне қауын тиеуі керек болған. Алайда тосыннан болған атыс кезінде оған 3 оқ тиіп, мерт болды.

Қайғылы оқиға орын алған күні делдалдық етіп жүрген екі жігіттің арасында клиент үшін келіспеушілік туындаған. Артынша олар төбелесіп қалып, соққыға жығылғаны қашып кеткен. Алайда ол біраз уақыттан кейін 5 көлікке мінген қаруланған достарымен қайтып келіпті. Куәгерлердің сөзінше, жігіттер көліктен түскен бойда бей-берекет оқ жаудыра бастаған.

Салдарынан, тіпті, жедел жәрдем дәрігерлері де оқ жарақатын алған. Оларды оқиға орнына төбелесте зардап шеккен адамның басын орату үшін шақыртқан.

«Басын таңып жатқан баламыз орнынан тұрып: “Келді”, – деп жүгіріп, соларға қарай кетті. Сонымен біз артынан: “Саған тұруға болмайды, қансырап жатырсың”, – депғ артынан жүгірдік. Сол кезде арғы жақтан бізге қарай оқ атылды. Бәріміз басымызды сауғалап, тығылатын жер іздеп қаштық», – дейді Достық аулындағы аурухана дәрігері Әйкерім Халбекова.

Артынша тағы бір жүк тиеушіге оқ тиген. Оның жарақаты ауыр болмағандықтан, ауруханаға жатқызылмаған. Бірнеше сағаттан кейін полиция екі күдіктінің ұстап, аңшылық қаруын тәркілеген.

Ал марқұмның туыстары атыс шығарған басқа адамдардың неліктен ұсталмағанын түсіне алмай дал. Себебі шабуыл жасағандар 5 көлікке мініп келген және жан-жақтан оқ жаудырған. Ендігі олар атыс шығуына себеп болған адам сотталып, өзгелері тек куәгер ретінде қала ма деп қорқып отыр.

«Мұның бәрін бұрын түрмеде отырып шыққан Төлеген ұйымдастырды деп жүр. Ол төбелес кезінде бір адамның басын жарып, артынша дәрігерлер келгенде, бір сағатқа жуық уақыт өтті. Ол достарымен бірге қайтып келді.

«Төлеген деген бала осы ауылдың жігіті. Бұрын отырып келген дейді түрмеде. Алдын-ала  дайындалған.  Болмаса 1 сағат ішінде 5 көлікпен қарулы жігіттер қалай келе қалады?» – дейді марқұмның анасы Құрбанқұл Құрымбаева.

Кеше Шардара аудандық соты екі күдіктіні тұтқындау туралы санкция берді. Олар сотқа дейінгі тергеу кезінде тергеу изоляторында қамауда отыратын болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар