Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неміс тұтқынына түскен қазақстандықтар 2500 евродан ақша алды

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс тұтқынында болған қазақстандық соғыс ардагерлеррі Германиядан арнайы өтемақы ала бастайды.

4141

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Қазіргі таңда 2500 евро қаражатты қазақстандық бұрынғы бірнеше әскери тұтқындар алып үлгерген. Олардың бәрі Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын азаматтар.

“Бұрынғы жауынгерлер ақшалай өтемақы алды, шамамен алты адам. Оның ішінде ардагерде бар. Өкінішке қарай, оның ақшалай өтемақысы банк шотына ол кісі қайтыс болған күні түсті”, – дейді ҚР президент мұрағатының директоры Борис Жапаров.

Еске сала кетсек, Германия үкіметі өтемақы қарастыру туралы шешімді өткен жылы қабылдаған еді. Қазақстаннан 11 адам өтініш берген. Қазір көзі тірі әскери тұтқындар туралы қосымша ақпараттар түсіп жатыр. Жалпы фашистердің тұтқынына 200 мың қазақстандық тап болған. Олардың көбісінің тағдыры қайғылы аяқталған.

“Әкеміз 97 жаста. Алған барлық ақшаны ол кісінің денсаулығы, емі, тамағы мен жағдайы үшін жұмсаймыз”, – деді соғыс ардагерінің ұлы Мұхит Адасов.

Оқи отырыңыз:

Артық сұрақ болмас үшін: Лидо өзінің қай ұлттан екенін айтып берді

Александр Панайотов, ресейлік әнші: Қазақ қызына үйленгім келеді

Мила Кунисті ерлер журналына жартылай жалаңаш суретке түсуге мәжбүрлеген

Сәкен Майғазиев “Ninety one” тобының 9 түрлі жақсы қасиетін атады (видео)

Талқылау