Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соғыс ардагерлері ТМД елдеріне де пойызбен тегін қатынай алатын болды

2016 жылдың 1-31 мамыр аралығында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлері жолаушылар пойызында тегін жүре алатын болды. Бұл туралы “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

cf78ed85961fa71a1fbdd89777c0d564

Сурет strategy2050.kz

Ұлы Жеңістің 71 жылдығы құрметіне орай аталмыш тамаша мүмкіндікті “Қазақстан темір жолы” АҚ ұсынып отыр. Ардагерлер пойыздың барлық түрлерінде, ТМД елдерінің аумағында да тегін жүру мүмкіндігіне ие болды.

Жол жүру билетін рәсімдеу үшін өздерімен бірге жеке куәлік және соғыс ардагері екендігін растайтын куәліктің көшірмесі болуы міндетті. ТМД елдерін аралау үшін де, билеттер Қазақстандағы бекеттерде рәсімделеді.

Былтырғы жылы теміржол транспорттарында тегін билетті 688 ардагер пайдаланған. Ал жуырда ғана соғыс ардагерлеріне “Тұлпар-Тальго” пойызында 99 пайыз жеңілдік жасайтын “Ардагер” атты дисконтты карта енгізілген болатын.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептегенде елімізде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылап мен соғыс мүгедектерінің саны 3917 екен.

Талқылау