Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соғыс ардагерінің әйелі 106 жастығы науқас әжей отын-суы жоқ пәтер жалдап күнелтуде

Талдықорған қаласының 106 жастағы тұрғыны өзгенің босағасында күнелтіп жатыр. Қайжамал апа Беларусь елінде қаза тапқан соғыс ардагерінің жары. Өзі өмір бойы Отан үшін қызмет еткен. Ешкімге мұңын шағып, өзгеден ешнәрсе сұрап көрмеген.

Безымянный

Бұл туралы Желтая газета хабарлайды.

Әжей осыдан үш жыл бұрын Көксу ауданына немересі мен шөберелерімен көшіп келген. Ауылдағы сатқан үйінің ақшасын немересінің денсаулығына жұмсаған.

Осылайша 106 жасқа толған әжей далада қалған. Енді айына 20 мың төлеп өзгенің үйін жалдап тұруға мәжбүр. Бұл үйде жылу былай тұрсын, канализация, су сияқты жағдайлар қарастырылмаған. Немерелері жаз кезінде әжесін далаға шомылдырады. Ал, қыста үй ішіне тазикке жуындырған қиынға түседі.

«Соңғы кездері әжеміздің денсаулығы нашарлап кетті. Үш жыл бұрын түзге өзі шығып келетін. Одан кейін инсульт алып, қазір дәретке үйде отырады. Қатты ауырғанда қан қысымы көтеріліп кетеді. Ол кезде жөргек қаттамасын қолдануға тура келеді», – дейді келіні Гүлзира Желгелдинова.

п

«Әжеміздің зейнетақысы 50 мың теңге. Оның бәрі жөргек пен дәрі-дәрмек алуға кетеді. 2-3 апта сайын жедел-жәрдем келіп тұрады. Әжейдің гипертония талмасы ұстайды. Мен жұмысқа шыға алмаймын, әжемді қарайтын бір адам керек», – дейді келіні Гүлзира.

Әжейдің немересі Аслан Жомартбаев «Теплосервисте» жұмыс істейді. Оның аздаған жалақысы баспана ақысы мен мен азық-түліктен артылмайды.

Қайжамал әжейдің үш қызы болған. Асланның анасы Бағила пойыз астына түсіп мерт болған. Екінші қызы да үш дыл бұрын қайтыс болған. Тек Нағима есімді қызы бар. Оның жасы 85-те болғандықтан оның өзіне қарайтын бір адам керек екен.

Келіне әжейге түрлі ботқа тамақтарын жасап берелі. Әжей жас күнінен әдетке айналған насыбайын да әлі күнге атады екен.

Қайжамал апаның туыстары оның жасына байланысты түрғын үйге кезекке тұрған. Алайда ол кезектің жететін күні алыс секілді.

Олар Алматы облысы әкімінен де көмек сұраған. Алайда, еш нәтиже болмаған. Соғыс пен аштықты көрген адам лайықты өмір сүруі керек. Егер сіз біздің осы ойымызбен келісетін болсаңыз, Алматы облысы әкімі Амандық Баталовка жіберетін хат соңына жазылыңыз.

Жіберіп алмаңыз:

8 баланың анасы қайырымды жандардан көмек сұрайды

Мұғалімінен жәбір көрген оқушының анасы көпшіліктен көмек сұрайды

Талқылау