Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Соғыста нан таратқандай»: Маңғыстау облысында тегін балмұздақ үшін адамдар бір-бірін таптап кете жаздады (видео)

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы аттракциондер паркінде Отбасы күнінің құрметіне келушілерге тегін балмұздақ таратқан. Алайда біраз уақыттан кейін адамдар ұрысып, бір-бірін таптап кете жаздады.

«Соғыста нан таратқандай»: Маңғыстау облысында тегін балмұздақ үшін адамдар бір-бірін таптап кете жаздады (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «ИнАктау» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тегін балмұздақ үшін кезекте тұрған адамдар бір-бірін балағаттап, итеріп, алға қарай өтіп кетпек болды. Желіде куәгерлер түсіріп алған видео тарады. 

«Кезекте қысылысып тұрған адамдар құлап, есінен танып жатты. Балмұздақты тек 20-30 адам ғана алды. Қалғандары алған жоқ. Соғыстағы аштық кезінде нан таратқандай болды. Ешкім аяғының астына қарамады, балалар қысылып қалды. Сұмдық», - дейді куәгерлердің бірі. 

 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, балмұздақ үшін кезекте ешкім зардап шекпеген. 
 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр