Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

МС Сайлаубек тойларға арнайы күзетпен, қымбат әуе компаниясының ұшағымен ғана барады

Шақыртулардың көптігі сонша Сайлаубек аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанның 70 пайызын аралап шығыпты. Бүгінде оның той, кештерге арнайы қойған ставкасы да бар.Оның әндері қазір арнайы, кәсіби студияда жазылады, – деп хабарлайды 31 арна.

photo_64560

Жақында рэппер кәсіби бишілерден сабақ алмақшы. Бүгінде Шымкент, Астана, Ақтөбе, Таразда өнерін көрсетіп үлгерген рэппер мен продюсерлерінің ұйымдастырушыларға қояр арнайы талабы да бар екен. Қайрат Нұртас пен Музарттан кем түспейтін райдері бар Сайлаубектің өнерін шоу-бизнестегі әріптестерінің бірі қолдаса, бірі жақтырмайтын болып шықты.

Ия, қазір Сайлаубек жаңа әндермен репертуарын толықтырып жатыр. Айтылған сынға құлақ асқан продюсерлер жақында жаңа қазақша әнге бейнебаян түсіріп, елге тарту етпек.

Талқылау